«ZOOVITA» ШҚМДМО стоматологиялық қызметтердің толық кешенін көрсетеді:

    • Ауыз қуысын препараттармен өңдеу;
    • Ұсақ  тұқымдардың сүт тістерін жұлу;
    • Азу тістерін толық жұлу;
    • Жаққа арналған хирургия;
    • Ультрадыбыстық аппаратты пайдаланумен тіс тастарын алу және өмірге қабілетсіз тістерді жұлумен ауыз қуысының толық санациясы;
    • Тіс тастарын механикалық жолмен алу;
    • Каналды пломбамен бітеу.

Ұсақ жануарлардың ауыз қуысының аурулары – мал дәрігеріне жүгінудің барынша жиі себебі. Жағымсыз иіс, сілекей ағуы, азықты қабылдау қиындығы, жағының сақылдауы  және температура, сонымен қатар, танауынан іріңнің ағуы, құсу ауыз қуысы аурулары туралы білдіреді.

Барынша бейім болып келетін тұқымдар: кокер-спаниельдер, шағын пудельдер, пекинестер, болонкалар, таксалар, азырақ – миттель-шнауцер, эрдельтерьер және басқалар. Бірінші кезекте ұсақдисперсті азықтарды (ботқа, кептірілген нан, ірімшік, кейбір құрғақ азықтар) пайдалану арқылы тамақтандыру, сонымен қатар «кесектерді» үнемі беру, тамақтану тәртібі еркін болуы (порциялы болмауы) әсер ететін фактор болып табылады  және ауыз қуысының азық бөліктерімен бітелуіне әкеліп соғады. Бұл бөліктерді бактериялар азық етеді, ал бұл ауыз қуысының Рh өзгеруіне әкеліп соғады, ол арқылы бактериялық флора құрылымы өзгереді, тіс қағы, артынан тіс тасы пайда болады, қызыл иек  (гингивит) және ауыз қуысының шырышты қабығының (стоматит) қабынуы, артынан инфекция   терең тіндерге еніп, сүйек құрылымын отарлайды!

Кейбір агрессивті иттердің  ауыз қуысының ауыр ауруларына шалдығуын  иелері байқамай қалады (ауыз қуысын қарау қиынға соғады), ары қарай барлық органдары және ағза жүйесі де дертке шалдығады. Гуманитарлы гастроэнтерологтар «асқазан-ішек жолдарының саулығы тістерден басталады» деп тегіннен айтпайды!

Тістері мүлдем көрінбей, ылғи тас пен қақтан тұратын пациенттерді жиі көруге болады. Мұндай жағдайлар қайғылы зардаптарға әкеліп соғады. Инфекция қызыл иекке кіріп, парадонттың қабынуына, түйіршіктердің, іріңдердің және тіс түбірінің бұзылуына және құрттардың пайда болуына әкеледі. Бактериялар токсиндерді өндіреді, олар асқазан-ішек жолының төмендегі бөлімдеріне түсе отырып, гастриттер, жара, гепатопатиялар және тіпті өскіндерді туындатады. Иммундық жүйе ауырлайды, астың сіңімділігі және жұғымдылығы нашарлайды, тіндердің трофикасы болады. Байқалмай қызыл иектен қан ағу өршиді – қаназдық дамиды. Ақырында жануардың өмір сапасы және ұзақтығы нашарлайды.

Ем көрсету қақ және тастарды алуға, тіршілікке қабілетсіз тістерді жұлу, бактерияға қарсы терапия, қызыл иек және ауыз қуысының шырышты қабығының жағдайын жақсартуға бағытталған терапия, қажет болса, детоксинациялық терапия және бірге жүретін ауруларды емдеуге бағытталады.

Тіс тасын толық және дәл тазалауға жалпы наркоз беру арқылы арнайы стоматологиялық аппаратураны пайдаланумен қол жеткізуге болады. Бірден ескерейік, ірі тастарды механикалық тазалау тек үстіртін әсер береді және патогенезге әлсіз әсер етеді. Қызыл иек асты аумағын тазалау қажет!

Тіс тасын алуға арналған ультрадыбыстық аппаратты пайдалану жақсы нәтиже береді. «ZOOVITA» мал дәрігерлік орталығында UDS-L ультрадыбыстық автономды  Woodpecker стоматологиялық скалері қолданылады.