Қымбатты достар!

Біз Сіздерге Жас мал дәрігерлері мектебінде сабақтардың басталғанын қуана хабарлаймыз! Сіздерді және Сіздердің төрт аяқты достарыңызды күтеміз.  Біз Сіздерге жануарларыңызбен қарым-қатынасты орнатуды, олардың не ойлайтынын және олармен қалай достасу керектігін үйретеміз. Біз Сіздің сүйіктіңіздің нені және қалай сезінетіні туралы түсінуге, Сізбен оның ұқсастығы және Сіздерді не ажырататыны туралы  білуге көмек береміз, үйдегі жануар – тіршілік иесімен қарым-қатынас жасау рахаты ғана емес, оның өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілік. Егер Сіз, өзіңіздің жануарыңыз дені сау  және белсенді болғанын қаласаңыз, оны қалай күту керектігі туралы білгеніңіз жөн. Біздің мал дәрігерлік мектебіміз балалар мен жасөспірімдерді жануарлармен қатынасты реттеу туралы айтып беретін және олардың мінез-құлқын дұрыс түсінуді үйрететін арнайы курстарға шақырады.

 

Курстың ерекшеліктері

Сабақтар біздің мамандар жас жануар иелеріне күнделікті және жүктілік, егде жас, ауырған кездегі сияқты өмірдің нақты бір кезеңдерінде  дұрыс күтім жасау туралы  кәсіби кеңестер беретін  шеберлік-кластары түрінде жүргізіледі.  

Біздің мал дәрігерлік мектебіміздің курсын тыңдаушылары иттерді үйрету негіздерін, негізгі командаларды оқыту ерекшеліктерін  біледі, жағымсыз мінез-құлықты түзету әдістерімен танысады. Оқыту шеңберінде зоопсихология негіздері бойынша қызықты лекциялар жоспарланған, олар жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктерін ұғынуға, олардың беретін белгілерін тануға мүмкіндік береді.

 Курс барысында мысықтардың және иттердің анатомиясының және физиологиясының негіздеріне үлкен назар аударылады. Біз тыңдармандарды жануардың тағайындалуын қосатын түрлі тұқымдардың ерекшеліктерімен, оның мінез-құлқы, ауруларға деген бейімділігімен таныстырамыз. Бұдан басқа, біз аурудың алдын-алу, оқыс жағдайларда жануарларға алғашқы көмек көрсету, гигиеналық жосықтарды қалай дұрыс жүзеге асыру туралы үйретеміз.

Қанаттылардың иелері немесе тотықұстарды асырауға жиналғандарға біз құстарға күтім жасау және асырау бойынша арнайы курс дайындадық. 

Аквариум балықтары және тұщы суды мекендейтін тасбақалардың иелері немесе оларды асырауға жиналып жүргендер үшін де оларға күтім жасау және асырау бойынша арнайы курс әзірледік.

Балаларға арналған пайдалы және қызықты түрде берілетін сабақтардан басқа біздің мектептің тағы бір артықшылығы бар. Олар жас қожайындарға тек үй жануарларымен ғана емес, үйсіз жануарлармен де өзін қалай ұстау керектігі туралы таныстырады, «біздің кішкентай достарымызға» деген жауапкершілік сезіміне және қамқорлыққа тәрбиелейді. 

 

Оқытудың барлық  бағдарламасы кең аудиторияға арналған және жас тыңдармандарға қызықты болатындай етіп жасалынған. Лекциялар зоопсихология және ветеринария саласындағы ауқымды білімі бар және жануарлармен тіл табысуда көп жылдық тәжірибесі бар білікті мал дәрігерлерімен әзірленеді және өткізіледі.

Сабақтарды жүргізетін мамандар туралы ақпаратты алуды және курсқа жазылуды біздің орталықтың 8 (7232) 24-11-03 телефоны бойынша жүзеге асыра аласыздар.

 

 

2015 жылдың 20 ақпанында «Мысықтар мен иттердің жас иелеріне арналған» алғашқы курс өтті.

Біздің мал дәрігерлік мектебіміздің курсының жас тыңдармандары  иттерді  және мысықтарды үйрету негіздерін, негізгі командаларды оқыту ерекшеліктерін  білді, жағымсыз мінез-құлықты түзету әдістерімен танысты, олардың беретін белгілерін тануға үйренді.

Лекцияны  «ZOOVITA» ШҚ МДМО тәжірибелі зоопсихологы Трескина Ольга Александровна өзінің сүйікті жануары Капитонмен бірге өткізді.

Балалар тек үй жануарларымен ғана емес, үйсіз жануарлармен де өзін қалай ұстау керектігі туралы білді. Егер үйсіз ит немесе ит тобыры шабуыл жасамақ болса не істеу керек. Сонымен қатар, балаларға үйсіз мысықтар мен иттерді неліктен сипауға болмайтыны, адам үшін қандай аурулардың қауіптілігі және сипау арқылы  берілетін ауралар жайында түсіндірілді. Кез келген жануармен қарым-қатынаста жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы айтылды.

Балалар мал дәрігерлерімен иттің температурасын тексеріп, жүрегінің соғу ритмін тыңдап көрді. Пациент рөлін балалармен ойнауды және қарым-қатынас жасауды ұнататын біздің тамаша итіміз Артем орындады.

УДЗ-диагностикасы кабинетінде балалар өмірлік маңызды органдардың қандай екенін көрді және өздері ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп көрді.

Шараның соңында әр жас тыңдарман үй жануарларына күтім жасау және асырау негіздері туралы жаднама және мектепке қажетті құралдар алды, ал ең белсенді қатысушыларға  естелік мадақтамалар тапсырылды.