Бүгінгі күнде рентгенодиагностика визуалды диагностиканың маңызды әдістерінің бірі болып табылады. Ультрадыбыстық зерттеулермен қатар ол инвазивті емес түрде, яғни жануар ағзасына араласусыз түрлі аурулармен туындаған ішкі органдарды және олардағы өзгерістерді көруге мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда рентгенографиялық зерттеулер нақты диагноз қоюдың, яғни дұрыс ем тағайындаудың жалғыз әдісі болып табылады.
Рентгенография жануарды диспансерлік тексеру кезінде де көрсетіледі, өйткені ешқандай белгісіз өтіп жатқан көптеген ауруларды анықтауға, артынша – уақытында емді бастауды және патологияның ары қарай дамуын тоқтатуға мүмкіндік береді.
Біздің клиникада зерттеудің бұл түрі тәулік бойы жүргізіледі. Түнгі уақыттарда жедел көмекті қажет ететін барлық пациенттерді зерттеу, ал күндіз сонымен бірге ішкі органдарды және олардағы өзгерістерді барынша толық бағалауға мүмкіндік беретін арнайы сұйықтықты құю арқылы, яғни контрастылау әдістерін қолдану арқылы да, жоспарлы зерттеулер жасалынады. Зерттеулер мал дәрігерлігінің осы бағытында маманданған дәрігерлермен жүргізіледі.
Біздің рентген кабинеті жануарларды зерттеудің оңтайлы тәсілдерін таңдауға, зерттеуді өткізу уақытын қысқартуға және стресс-факторды қысқартуға мүмкіндік беретін мықты сапалы генератормен, растрмен және басқарудың электрондық панельімен ерекшеленетін жаңа цифрлы арнайы рентген аппаратпен жабдықталған. Бұл жабдық пациентке минималды сәулелі жүктеме беру арқылы жоғары сапалы рентгенограммаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Арнайы таған арқылы жануарлардың барлық түрлерін коллатеральды кескінде (яғни, тұрған қалпында) орындау мүмкін.
Біз өзіміздің мал дәрігерлері бағыттаған жануарларға және басқа клиникалардан және өз бетінше жұмыс істейтін мал дәрігерлерінің бағыттамасы бойынша да рентген тексеруін өткіземіз.
Келесі зерттеулер орындалады:
- Сүйек-буын аппаратының рентгенографиясы – жарақаттарда, буын және сүйек ауруларында орындалады;
- Көкірек қуысы органдарының рентгенографиясы – жүрек, тыныс алу органдарының ауруларында, өкпедегі қатерлі ісіктің метастазына күдіктенуде, диафрагмальды жарықта, плевритте, өңеште бөтен дененің болуына күдіктенуде қажет;
- Құрсақ қуысының рентгенографиясы – бауыр, көкбауыр, бүйрек және қуық (әсіресе қуықтағы тас аурулары), асците, өскіндерді зерттеуде қажетті;
- Асқазан-ішек жолының рентгеноконтрастілі зерттеулері – асқазан және ішектегі өскіндерге күдіктенуде, кез-келген этиологиядағы асқазан-ішек жолы бөлімдерінің түйілуінде орындалады, ол кезде жануарға контрастілі сұйықтық енгізіледі және асқорыту жүйесінің әрбір бөлімін зерттеу үшін белгілі бір интервалда жүйелі түрде бірнеше кескіндер орындалады;
- Шығару урографиясы – бүйректің поликистозында және т.б. бүйректің шығару функциясы зерттеледі. Әдіс бүйректің қаннан жануардың тамырына жіберілген рентгеноконтрастілі заттарды қойылту және шығару қабілетіне негізделген. Шығару уақыты және бүйрек тінінің контрастпен боялу сапасына қарай бүйрек және несеп шығару жолдарының түрлі аурулары анықталады;
- Цистография, пневмоцистография, қуықты қосарлама контрастілеу – қуық ауруларын анықтауға қолданылады, контрастілеу түріне орай уролиттер, өскіндер, эрозиялар және т.б. анықталады;
- Миелография – омыртқа аралық жарықтарда, омыртқа жарақатында, жұлынның ісік үрдістерінде жұлынның компрессиясын анықтау үшін қолданылады;
- Фистулография – терең жара жүрісін, органдар мен тіндердің зақымдануының дәрежесін анықтау үшін қолданылады;
- Ангиография – қан тамырларын және ондағы тромбоэмболия, қақпалық-қуыс веналық шунт сияқты патологияларды көрсетуге мүмкіндік береді.