Үй жануарларының көпшілігі тері ауруларының шоғырына шалдыққыш болғандықтан дермотология мал дәрігерлігінің ең маңызды салаларының бірі болып табылады. Дермотология тері, тырнақ, жүн саулығы, аллергиялық реакциялар, паразиттік бұзылыстар және т.б. мәселелермен айналысады. Тері, жүн және тырнақтардың жағдайы жануарлар денсаулығының маңызды көрсеткіші болып табылады және сондықтан да дерматологқа баруды елемеуге болмайды. Үй асырандыларының тері аурулары өте жиі кездеседі, ол жануардың тек сыртқы келбетінің өзгерістерімен ғана емес, оның мазасыздығымен байланысты мәселелер туындатады. Жиі дерматологиялық аурулар жануардың өзіне де, оның иесіне де кедергі келтіретін қышып дуылдаудың пайда болуына әкеліп соғады. Кейбір аурулар иттер мен мысықтардан адамдарға жұғады, ал бұл өте үлкен қауіп. Қуанышқа орай, мал дәрігерлігінің басқа мамандандырылған саласына қарағанда, дермотология саласында өмірге қауіп тудыратын аурулар аз кездеседі, дегенмен, барлық дермотологиялық ауруларды бірден және біржола емдей алмайсың. Жануарлардың тері ауруларының көп таралған себептерінің біріне паразиттік аурулар жатады. Өкінішке орай, қандай да бір жеңіл зерттеулерді жүргізбестен диагноз қою және емдеу мүмкін емес, өйткені белгілері бойынша паразиттік аурулар аллергияны еске түсіреді немесе оған ұқсайды. Терінің қажетті қырнама, цитология, трихоскопия сияқты барлық зерттеулері тез орындалады және сізге нәтижелерін бірнеше күн тосып қажет емес. Паразиттер табылған кезде емдеу бірден, бірінші қабылдауда тағайындалады. Жиі кездесетін екінші мәселенің бірі бастапқы тері ауруының бактериялық немесе қышыма қотырларға күрделенуі. Бұл тек ем қолдануда ғана емес, диагностикада да қиындықтар туындатады, өйткені бұл асқынулардың дамуында, көптеген аурулар өте ұқсас болады. Зерттеудің бастапқы кезеңінде жүргізілген арнайы тестер қай патологияның бірінші болып келетінін, артынша ұзақ және тиянақты ем қолдануды анықтауға көмек бере бермейді. Егжей-тегжейлі зерттеу көп уақыт алады және осындай белгілері бар басқа ауруларды жоққа шығаруды талап етеді. Мысалы, егер бірінші қабылдау кезінде паразиттік ауру анықталмаса, кейде диагностика 1,5-2 айға созылуы мүмкін.
Қандай жағдайларда міндетті түрде дерматологқа бару керек:
- Терісінде бөртпе, зақым болса
- Құлақтарымен байланысты мәселелер
- Қышу мазаласа
- Жүнінен жағымсыз иіс шықса
- Жүні түсіп қалса
- Жануарда аллергия болса
Қосымша зерттеулерге деген шығындарды азайту және диагноз қоюды жеделдету үшін келесі ережелерді сақтаңыз: Қабылдауға пациент, оны асырау жағдайлары, азықтандыру, аурудың көрінуі туралы ақпаратты білетін адамның болғаны дұрыс. Егер сіз ертеректе басқа клиникаларға мал дәрігерлік көмекке барсаңыз, өзіңізбен бірге алдындағы анализдердің нәтижелерін және ауру тарихынан анықтамаларды алып келу керек. Мал дәрігері-дерматологтың қабылдауының алдында жануарды сусабынмен жумаңыз, ешқандай сыртқы құралдармен және паразиттерге қарсы препараттармен өңдеуге болмайды.
Мал дәрігері-дерматологтың басты құралы – оның миы және білімі екенін есте ұстау керек, ал анализдер маңызды болса да, тек қосымша мәліметтер береді. Өкінішке орай, Қазақстанда мал дәрігерлік дерматологиясы көптеген жылдар бойы дамымады және сондықтан да осы саладағы жинақталған білімді негізінен шетелдің дерек көздерінен алуға тура келеді. Біздің клиникадағы дәрігер-дерматологтар ресейлік және еуропалық әріптестерінен оқи отырып, жүйелі түрде өз біліктіліктерін көтеріп отырады, ағылшын тілінде мамандандырылған мал дәрігерлік әдебиеттерді оқиды. Біз ешқашан өз білімімізді аямаймыз және басқа дәрігерлермен бөлісуге әрқашан дайынбыз !
Сіздердің «ZOOVITA» МДМО!!!