18 қыркүйекте Солжағалау саябағында (этноауыл, алаң ауданында) «Дворянин» жануарлардың құқығын қорғау ҚҚ және «Защити жизнь» ҚБ ұйымдастырған Махаббат және мейірімділік мейрамы өтті. Шара ШҚО сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафт мұражай-қорығының директоры Зайцев Н.А., сонымен бірге “Zoovita” малдәрігерлік орталығының қолдауымен өткізілді.
Шара мақсаты— біздің кішкентай достарымызға деген адамгершілік қатынасын орнату!
Шарада көптеген адамдар төрт аяқты достарға ие болды, толық отбасыларымен келді, өздерінің жоғалтып алған жануарларын табу немесе тауып алғандарының бұрынғы иесін табу мақсатында өз оқиғаларымен бөлісті.
Шарада мияулаған немесе абалаған төрт аяқтыға ие болғандар «Zoovita» ШҚМДМО-нан азық, «Дворянин» ҚҚ-нан науа, табақ, ойыншық, мал дәрігерлік төлқұжат және жануарлардың күтімі бойынша нұсқаулық сияқты сыйлықтар алды.
Балаларға арналған суреттер сайысы ұйымдастырылды! Қатысқан балалар жағымды сыйлықтарға ие болды.
Хайуанаттар бағының жануарларына арналған сәбіз, қызылша, орамжапырақ, алма сияқты тамақтар жиналды. Осы «тәтті-дәмділердің» барлығы хайуанаттарға арналған бақтың басшылығына табысталды.
Әрбір келген адамға акцияға қатысушының купоны берілді, онымен шара соңында “Zoovita” МДМО-нан құнды сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды.