«Zoovita» Малдәрігерлік медицина орталығы күн сайын үйсіз жануарларға көмек көрсетеді. Орталықтың жұмыс жасаған жеті жылында біздің күшімізбен үйсіз мысықтар мен иттер өз үйін тапты. Сол сияқты, біз «Дворянин» ҚҚ-мен тұрақты түрде ынтымақтаса отырып, оларға материалдық көмек көрсетеміз. Жануарларды қорғау ісіндегі осы үлкен үлесімізге қарамастан, жыл сайын Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күнін ерекше атап өтеміз.
4 қазанда «Zoovita» МДМО-да Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күніне арналған акция өтті. Біздің зоодүкендерімізден сауда жасаған әрбір адам, осы ортақ іске өз үлестерін қосты: әрбір сауданың сомасының 10%-ы Прокопьева Лариса Васильевна тұлғасында «Дворянин» жануарлардың құқығын қорғау қоғамдық қорына тапсырылды. Жыл сайын 4 қазанда ұйымдастырылатын Бүкіләлемдік жануарлар күні (World Animal Day) немесе Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні 1931 жылы Флоренцияда (Италия) өткен Табиғатты қорғау қозғалысының халықаралық конгресінде құрылған және адамзат назарын ғаламшардың басқа мекендеушілеріне бұруды көздейді.
Көптеген елдердің жануарларды қорғау қоғамдары жыл сайын 4 қазанда осы күнге арналған түрлі жаппай шаралар және акцияларды ұйымдастырады, оның мақсаты жануарлар әлемінің мәселелеріне назар аударту