post-1210627-1272805432

Жеңістің 70-жылдығында акция әлемнің 70 елін қозғай отырып, ерекше ауқымды түрде өтеді. Миллиондаған адамдар Ұлы Отан соғысының батырларын еске түсіру және ризашылық белгісі ретінде еріктілердің қолынан айбындылық және батылдық нышандарын алады.

«Георгий жолағы» XVII ғасырдың соңынан бастап жоғарғы  әскерлік марапат – Әулие Георгий орденының бөлігі болса, Ұлы Отан соғысы кезінде Даңқ ордены безендірілген.  «Георгий жолағы» акциясы 2005 жылдан бастап өтуде. Ұйымдастырушылардың пікірінше, оның басты мақсаты өткен ғасырдың ең қасіретті соғысында кім және қандай  бағамен жеңіске қол жеткізгенін жас ұрпаққа ұмытпауды, кіммен және немен мақтан тұтуымыз керектігін, кімді ұмытпау керектігімізді үйрету болып табылады. Акцияны өткізу уақытында әлем бойынша осы жолақтардың ондаған миллиондары таралып кетті.

Сонымен қатар, осы күндері “ZOOVITA” ШҚ МДМО Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғалардың барлығына мал дәрігерінің тегін қабылдауын және кеңесін ұсынады!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мейрамдау қарсаңында,  29 сәуірде және 5 мамырда «Zoovita» малдәрігерлік медицина орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагер-қатысушыларын келе жатқан Жеңіс күні мейрамымен құттықтады.

Ардагерлердің үйлеріне барып, мерекелік азық-түлік жиынтығы және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Киров к-сі, 65 мекен-жайында орналасқан «Zoovita» мал дәрігерлік клиникасының меңгерушісі Хусаинова Адия Мухаметкалиевна және Тәуелсіздік даңғылы, 103 мекен-жайында орналасқан клиника әкімшісі Тамбовцева Надежда Владимировна Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мықты денсаулық, бейбіт аспан астында ұзақ және бақытты өмір сүруді тілей отырып, құттықтады.

– Кескілескен соғыста көрсеткен Сіздердің өшпес ерліктеріңіз үшін барлық алғысымызды айтып жеткізу үшін сөз жетпейді. Ұзақ азапты соғыс жолдарымен ерлікпен өткен,  артынан Ұлы Жеңістен кейінгі көң-қоқырдан туған жерді көтерген адамдарға бас иеміз және құрмет көрсетеміз. Сіздердің Жеңіске қалай жеткендеріңізді сөзбен жеткізуге болмайды, бірақ Сіздердің жүректеріңіз сол бір ұзақ әскери күндердегі қайғыны сақтауда. Біз, бейбіт өмірде дүниеге келсек те, бала кезден бастап осынау мамыр айындағы мейрамға деген ең нәзік және тулаған сезіммен тосамыз. Біз Сіздердің ерліктеріңізге бас иеміз және құрмет пен алғыс білдіреміз! Сіздерге шын жүректен бейбітшілік, мықты денсаулық, бақыт, амандық және ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді Адия Мухаметкалиевна. “ZOOVITA” ШҚ МДМО ұжымы оның сөздеріне қосылды.

Ардагерлер қонақтарды жылы шыраймен қарсы алды, жауынгерлік өмір туралы әңгімелерімен бөлісті. Ардагерлердің оқиғаларының берер өнегесі зор, олар қуаныштан ажыраған, қайғы және сенімнен айырылған жылдар туралы сөз қозғайды. Бірақ майдангерлер ең қорқынышты күндер туралы еске алғанды ұнатпайды және ең таңқаларлығы  бізді де қолпаштап отырады. Бұл Александра Петровнаның тәтті шайдан дәм татқыза отырып, бізге оқып берген өлең жолдары:

 

«Аспаның ашық болса – ол жақсы.20150505_120647

Керісінше болса, ол жаман.

Жүрегің жайсаң, денің сау болса – бақыттысың.

Керісінше болса, аздап қамығасың.

Бірақ өмір алда, алға тартады

Осының өзі қуат береді».

 

Александра Петровна, Афонасий Иванович және Тамара Александровна біздің қызметкерлерге өздерін ұмыт етіп қалдырмағандарына алғыс айтты:

– Еліміздің игілігі үшін еңбектеніп жатқандарыңа рахмет. Сендерге ашық аспан тілейміз. Ешқашан соғыс болмасын. Біздің балаларымыз бейбіт және бақытты елде өмір сүрсін, – деді олар.

Александра Петровна және Афонасий  Петрович (екеуі ерлі-зайыптылар) суретке түсуден сыпайы түрде бас тартты, ал Тамара Александровна айна алдында сәнденіп алып (нағыз әйел адам), біздің әкімші Надеждамен қуана суретке түсті.