vac-cat

Күшіктер мен иттерді вакциналау 2 айлық жастан бастап жүргізіледі. Арасына 21 күн салып, екінші рет жүргізіледі. Ары қарай вакциналау жылына 1 рет жүргізіледі. WSAVA (Бүкіләлемдік мал дәрігерлік медицинаның қауымдастығы) ұсыныстары бойынша жыл сайынғы вакциналау алдында қарсы денелер титрінінің деңгейін өлшеу және иммундық жауап кернеулігіне байланысты мал дәрігерімен бірлесе отырып, вакциналауды өткізу туралы шешім қабылдау керек.

   Жануарларды бірінші рет вакциналау кезінде (жасына қарамастан) вакцина арасына 21 күн салып, екінші рет енгізіледі. Екінші вакцинаны (ревакциналау) енгізгеннен кейін 14 күннен соң , Бүкіләлемдік мал дәрігерлік медицинаның қауымдастығының ұсыныстары бойынша, иммунитет кернеулігін анықтау мақсатында, жұқпалы ауруларға қарсы денелер титрінің деңгейін өлшеу керек.

   ШҚО-да жағымсыз эпизодтық жағдайларда күшіктер мен марғауларға қайталама ревакцинацияны 6 айлық жаста жасау ұсынылады.

   Вакциналау жануарларды көптеген ықтимал күрделі және тіпті құтыру сияқты өлімге апаратын аурулардан қорғауға көмек береді. Бұдан басқа, жануарларды вакциналау сол ауруларды емдеуге қарағанда барынша арзан тұрады. Әрбір үй жануары вакциналану керек – тіпті жеке ұстайтындардың өзі де.

   Вакциналар ауруды шақыра алмайтындай болып модификацияланған вирустар мен бактериялардан тұрады. Жануарларды вакциналау иммундық жүйені реттейді:қарсы денелер өндіріліп, бактериялар мен вирустарға қарсы жасушалық иммунитет реттеледі. Егер вакциналаудан кейін жануар ауырып қалса, онда иммундық жүйе ауру шақыратын бактерияларды жоюға тез әрекет етеді.

Вакцина арқылы қамтамасыз етілетін қорғаныс уақыт өте келе әлсірейді. Үй жануарлары ауруға қарсы тұрақты иммунитет кепілдігі үшін үнемі ревакциналауды қажет етеді.

     Сіздің жануарыңыз үшін ненің жақсы екені туралы сұрақты қарастырғанда, үй жануарлары адамдарға қарағанда тезірек есейетінін ұмытпаңыз. Үй жануарлары сөйлей алмайды, ал жабайы табиғат жағдайларында ең икемді, денсаулығы мықты және күшті түрлері өмір сүреді, сондықтан жануарлар аурудың кез келген белгілерін ұзағырақ жасыруға тырысады. Бұл сіздің жануарыңыздың ауырып жүргенінің ешқандай сыртқы белгілері ауру қатты дендегенге дейін білінбеуі мүмкін екенін білдіреді.

Сондықтан, жүйелі вакциналауға қосымша ретінде жануарыңызды жыл сайынғы медициналық тексеруден өткізу өте маңызды. Жыл сайынғы медициналық тексеріс жасай отырып, мал дәрігері органдардың дисфункциясының және аурулардың ерте белгілерін анықтай алады. Ерте бастан диагностика жасау ауру дамуының ерте кезеңінде ем жасауды бастауға мүмкіндік береді.

   Мал дәрігері сіздің жануарыңыздың толық қорғанысына кепілдік бере алмаса да, жануарларды вакциналау көптеген ауруларға қарсы қарапайым, қауіпсіз және барынша тиімді құрал болып табылады.

   Жануарларды вакциналау олардың дені сау кезінде жасалатынын есте тұту керек. Егер жануар ауырып жүрсе немесе олар белгілі бір дәрілерді қабылдап жүрсе, оның иммундық жүйесі вакцинаға жауап қайтара алмайды. Осы себепті, вакциналауға дейінгі уақытта, мал дәрігері сізден жануардың аурулары туралы сұрастырып, толық медициналық тексерістен өткізуі керек.