Өз жұмысында «ZOOVITA» орталығының мамандары  SonoScapeSSI-8000 түрлі-түсті стационарлық сандық ультрадыбыстық диагностикалық жүйесін қолданады. SonoScapeSSI-8000 сканері өлшеу қызметтерінің көпшілігін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жоғары айыру қабілеті бар түрлі-түсті ультрадыбыстық сканерді білдіреді. Сол сияқты біздің дәрігерлердің қоржынында мал дәрігерлігіне арналған Mindray,  Z6 Vet түрлі-түсті доплері бар портативті УЗИ-аппарат бар. Осының арқасында енді мысықтарға, иттерге, және басқа жануарларға УДЗ, ЭХО-кг жүргізу мүмкіндігі бар.

Осы сканерлердің көмегімен біздің мамандар келесі зерттеулер жүргізе алады:

  • Құрсақ қуысының УДЗ
  • Несеп-жыныс жүйесінің УДЗ
  • Қалқанша безінің УДЗ
  • Қуықалды безінің УДЗ
  • Мидың УДЗ
  • Көз алмасының камераларын зерттеу;
  • Жүректің ЭХО-КГ

УДЗ-зерттеу диагностика жүргізуге мүмкіндік береді: 

  • өскіндерді;
  • паренхималық органдардың ісіп-қызару және дегенеративті өзгерістерін;
  • несептегі және өт шығару жүйесіндегі тас түйіршіктерін;
  • жүктілікті (босану ағымын болжау, ұрық санын есептеу);
  • эндокринді бездер және т.б.

УДЗ нәтижелері бойынша хаттама толтырылады, ол артынан терапевтің немесе басқа маманның шешім шығаруына негіз болады. Өздігінен УДЗ-диагностикасы (айқын жағдайларды шектесе) диагноз қою үшін негіз болмайды, тек дәрігерге басқа да зерттеулер негізінде үй жануарының жағдайы туралы түсінік алуға мүкіндік береді.

Жануарды зерттеуге дайындау үнемі қажет пе? Үнемі емес, бірақ ол көру сапасын жақсартады және әдіс мүмкіндіктерін кеңейтеді.