«ZOOVITA» ШҚМДМО  мысалы: остеосинтез, пластикалық хирургия және көптеген басқа нәрселер сияқты күрделі хирургиялық әрекеттерді жүргізуге мүмкіндік беретін стерильді операция жасайтын бөлмемен жабдықталған.  Ыдыстар мен құралдарды мал дәрігерлік автоклавтарда, құрғақ ыстық ауалы шкафтарда уақтылы өңдеу хирургия бөліміндегі гигиеналық талаптарды сақтауға әсер етеді. Қажет болғанда ауыр жағдайдағы пациенттер операция алдындағы және операциядан кейінгі емдеуге қалады.

Жануарларға шынымен де тиімді көмек көрсету мақсатында құрылған біздің мал дәрігерлік орталық жаңа мал дәрігерлік жабдықпен жабдықталған. Күрделі, тәуекелді операцияларды орындауда және операциядан кейінгі ауыр жағдайларда аппаратура сапасы және жұмысқа қабілеттлігі пациенттердің аман қалуының шешуші факторы болады.

«ZOOVITA» ШҚМДМО хирургиялық жабдықтарының жиынтығына оттегі концентраторы, наркозды-тыныс алу аппараттары, электрохирургиялық коагуляторлар, аспираторлар, мал дәрігерлік мониторлар, шприцті және инфузиялық сорғылар, қарқынды терапия жүргізуге арналған инкубаторлар, операциялық үстелдер және шамдар кіреді. Арнайы аппаратураны пайдаланбай жануарды операциялық араласуға дайындау да, содан соңғы қалпына келтіру де өткізілмейді.

«ZOOVITA» ШҚМДМО хирургиялық ауруларды емдеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: