Көз алмасының ауруларын нақты диагностикалау үшін біздің орталықта келесі зерттеулер жүргізіледі:

      • Көз іші қысымын өлшеу;
      • Ширмер тестінің көмегімен көзжастық сұйықтығының өнімін өлшеу;
      • Флуоресцин көмегімен ықтимал зақымдардың орнын нақты анықтау үшін көздің шырықты қабығының және мүйізгек қабығының тіндерін бояу;
      • Мұрын-көзжас өзегін өткізу қабілетіне анықтау үшін контрастілеу;
      • Саңылаулы шамы бар офтальмоскоп көмегімен зерттеу;
      • Көз алмасын ультрадыбыстық зерттеу.

Біздің мал дәрігерлік орталығымызда келесі офтальмологиялық қызметтер көрсетіледі:

  • Блефариттерді емдеу;
  • Конъюктивиттерді емдеу;
  • Мейбомиттерді емдеу;
  • Қабаққа пластикалық операциялар жасау (қайырылу, айналу);
  • Үшінші қабаққа операциялар (үшінші қабақтың шеміршегінің жекелей резекциясы, үшінші қабақтың аденомасын алу);
  • Көздің мүйізгек қабығына операциялар (дермоидты алу, көздің мүйізгек қабығының секвестрі);
  • Көз алмасының түсуі;
  • Энуклеация – көз алмасын алу, сонымен қатар (эквисцерация);
  • Қуыстық операциялар (көзбұршағын алу) және т.б.