«ZOOVITA» ШҚМДМО пациенттер жеке торларда біздің мал дәрігерлеріміздің тәулік бойы қарауымен болады. Төсеніш ретінде торларға арналған бір реттік гигиеналық төсеніштер қолданылады. Стационарда күтім жасауға қажетті мысықтарға арналған науалар, табақтар, қарғы баулар, тұмылдырықтар сияқты барлық құралдары бар , үйден өз асырандыңызға төсеніш және басқа жеке заттарын, мысалы ойыншықтарын әкелуге болады. Біз пациенттерімізге біздің мал дәрігерлік дәріханамызда бар дайын құрғақ және консервіленген азықтарды ұсына аламыз. Көбінесе жануарлар өздеріне таңсық азықтардан бас тартады, көптеген патологияларда рационды ауыстыру көрсетілмеген – мұндай жағдайларда дәрігер жануарға әдеттегі өзіне ұнайтын азықты әкелуді сұрайды. .