АІЖ аурулары пациенттердің клиникаға жүгіну жағдайларының жартысынан көбін алады және дұрыс тамақтанбау, АІЖ инфекциялары, тағамдық аллергиядан бастап, өскіндер немесе стресс әсеріне дейінгі түрлі себептер бойынша пайда болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда АІЖ бұзылыстары көп реттік лоқсу және диарея (іш өту) сияқты белгілермен жүреді, ол жануар ағзасының құрғауына әкеліп соғады және тез арадағы медициналық көмекті талап етеді. Емдеуші дәрігерге үрдістің ары қарайғы дамуын тоқтату үшін аурудың негізгі себебін тезірек анықтау өте маңызды.

Заманауи мал дәрігерлік медицинада нақты диагноз қою үшін біздің төрт аяқты пациенттерімізді тез және сапалы түрде зерттеуге мүмкіндік беретін көптеген диагностикалық әдістер бар.

АІЖ ауруларының белгілері туындауы және көріну жітілігіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Олардың ішіндегі көп таралғаны: тәбетінің және салмағының өзгерісі, тамақтанудағы қиындық немесе бас тарту, сілекейінің көп бөлінуі, құсу, ішінің шұрқырауы, кебуі және ауруы (түйілуі), диарея немесе іш қату. Сізге осы белгілердің бірі немесе бірнешеуі пайда болған жағдайда бірден жануарыңызды мал дәрігері маманына көрсетіп алуыңыз керек. Жануардың өзбетті жазылуын тосуға, сонымен қатар өзбетті емдеумен айналысуға болмайды!

Клиникаға жүгінгенге дейінгі алғашқы көмек:

  • Пациенттің уақытша ашығуын қамтамасыз ету (24 сағат);
  • Құсу болмаған жағдайда сұйықтық қабылдауға шек қойылмайды;
  • Жануар салмағы бойынша Смекта, Фосфолюгель, Энтеросгель және т.б. абсорбенттерді қабылдау

Біздің мал дәрігерлік клиникада АІЖ аурулары бар жануарға клиникалық тексеру жүргізіледі және ары қарайғы диагностикалық шаралар және ем тағайындалады. Диагностика  қанның және үлкен дәреттің клиникалық және биохимиялық  талдауы, жұқпалы ауруларға тест, ультрадыбыстық және рентгенографиялық тексерістер сияқты шаралардан тұрады, ал барынша күрделі жағдайларда рентгенконтрастілі және эндоскопиялық зерттеулер және диагностикалық операциялар жасалады.

Қандай да бір тексерістердің дұрыстығы пациент жағдайы бойынша емдеуші дәрігермен  анықталады.

Иелерінің қандай да бір диагностикалық шараларды өткізуден бас тартуы диагноз қоюдағы дәлсіздікке әкеліп соғады және артынша жануардың сауығып кетуінің ықтималдығын төмендетеді. Көптеген зерттеулерді жүргізу үшін 8  сағаттан кем емес ашығу диетасы талап етілетінін есте сақтау керек.

Біздің клиникамыз жоғары технологиялық зертханадан бастап заманауи ультрадыбыстық және эндоскопиялық кешендерге дейінгі барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған.