Мал дәрігерлік кардилология –мал дәрігерлік медицинаның қарқынды дамып келе жатқан бөлімі. Біздің клиникада жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларын диагностикалау үшін қолданылады:

  1. Fukuda M-E CARDISUNY D120 үш арналы мал дәрігерлік электрокардиограф
  2. SonoScapeSSI-8000 сандық ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі;
  3. Сандық рентген аппараты

Эхокардиография – клапанды аппараттың жұмысын, жүрек перделерінің қалыңдығын, жүрек ішіндегі қысым градиенттерінің мәнін және магистральді қан тамырларының жұмысын зерттеуге мүмкіндік беретін қауіпсіз, инвазивті емес әдіс. Осы әдістің көмегімен туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары, кардиомиопатия анықталады, олардың көріну дәрежесі бағаланады.

Жануарлардың ЭКГ – жүректің биоэлектрлік белсенділігін зерттеу әдісі. Бұл әдіс барынша қарапайым және нақты, ақпаратты. Арнайы аппарат – электрокардиограф – қағазда жағымды және жағымсыз тісшелерден тұратын қисық (электрокардиограмма) түріндегі жүрек белсенділігінің өзгерісін тіркейді. Электрокардиограммамен таныса отырып, маман жануар жүрегі қаншалықты сау екенін, қандай да бір патологияның болуы туралы қорытынды жасайды. Сандық электрокардиограф зерттеу мәліметтерін басып шығаруға және дискіге жазуға мүмкіндік береді.

Иттерге ЭКГ 5 жылдан кейін немесе семіздікке шалдыққанда жасау ұсынылады. Жүрек жұмысының ауытқуларында немесе патологияның болуында (туа біткен немесе жүре пайда болған) бақылау ЭКГ жылына бір рет өту керек, өткен анализдер сақталынуы керек. Бұл бізге жүрек ауруының динамикасының дамуын анықтауға және дұрыс ем тағайындауға мүмкіндік береді. Сол сияқты жүректің кардиологиялық тексеруін, ЭКГ-диагностиканы наркоз тәуекелін азайту үшін жоспарлы және жедел түрдегі оперативті араласулардың алдында жүргізген дұрыс. Көпшілік жағдайда кардиологиялық зерттеулердің нәтижелері жалпы оперативтік араласу жүргізудің мүмкіндігі және мақсаттылығы туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жүрек-қан тамыры ауруларының себептері

Үй жануарлары көптеген жағдайларда түрлі жүрек ауруларымен ауыратынын білу иелері үшін маңызды. Қандай да бір жүрек патологиясының даму себебіне иттің немесе мысықтың инфекциялық аурумен ауыруы, иттерде ауыр физикалық жүктеменің болуы, ауыр улану, жарақаттар, қансырау, сол сияқты жүректің тура біткен ақауы және генетикалық ие болған аурулар жатуы мүмкін. Түрлі дәрежедегі тыныс алу органдарының және ағзаның басқа жүйелерінің аурулары жүрек-қан тамырлары патологиясының дамуына әсер етуі мүмкін.

 

Үй жануарларындағы «Тәуекел тобы»

Ең алдымен «тәуекел тобына» қартаң жануарлар жатады: 8 жастан үлкен иттер және 10 жастан үлкен мысықтар, дегенмен, жүрек жетіспеушілігі ерте жаста да көрінуі мүмкін. Ертеректе болған энтерит, басқа жұқпалы аурулар, улану, пироплазмоз да жүрек-қан тамырлары ауруларын асқындыруы мүмкін.  Онкологиялық аурулар кезінде қолданылған химиотерапиялық емдеу , қалқанша безінің аурулары мал дәрігерінде алдын-алу үшін тексерілу және ЭКГ жүргізуге себеп болып табылады.  Сол сияқты, кейбір жануарларда жүрек ауруларына деген тұқым қуалаушылық бейімділігі болады. Мысықтар арасында – бұл гипертрофикалық кардиомиопатиямен ауыратын  британ және парсы мысықтары және сфинкстер, мейн кун тұқымдас мысықтардың түрлері.

Иттер арасында  – дилятациялық  кардиомиопатия тән алып тұқымдар. Добермандар, Боксерлар, Догтар, Бульмастифтер, Неміс овчаркасы және т.б. жатады. такса, пудель, болонка сияқты ұсақ және карлик тұқымдас иттердің ішінде митральды клапан жетіспеушілігі жиі анықталады, барлық брахицефалдар – мопстар, француз және ағылшын бульдогтары, пекинестер жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігіне бейім.

Иелерін қандай белгілер алаңдату керек?

Барынша жиі себептерге келесілерді жатқызуға болады:

Шаршау;

Физикалық жүктемеге төзе алмаушылық;

Демікпе;

Иттерде кейде қақырығы бар,  құрғақ жөтел (мысықтарда сирек);

Эпилепсия түріндегі талма немесе талма;

Ішінің үлкеюі;

Шырышты қабықтарының түсінің өзгеруі.

Жүрек ауруларының қатары клиникалық тұрғыдан өзін көрсетпеуі де мүмкін. Мысалы, добермандардың дилятациялық  кардиомиопатиясы аурудың 2-3 жылдық белгісіз кезеңімен сипатталады (бірақ сол кездің өзінде ЭКГ және жүректің УДЗ көмегімен патология белгілерін анықтауға болады). Ары қарай, декомпенсацияның күрделі фазасы және ауыр түрдегі жүрек жетіспеушілігінің белгілері көріне бастайды. Мысықтардың ауруының байқалуы тек ақырғы кезеңдерде мүмкін, өйткені бұл жануарлар иттерге қарағанда қозғалыссыз өмір салтын ұстанады.

 

 

Жүрек ауруларының диагностикасы

Жүрек патологиясының дамуын ангықтауға немесе тоқтатуға мүмкіндік беретін негізгі диагностикалық шараларға мал дәрігерінің тексеруі, ЭКГ, рентгенография және жүректің УДЗ жатады. Жүрек қызметін бағалаудың  қандай да бір әдістері жануарды мал дәрігерінің бірінші рет тексеруінен кейін шешіледі. Сонымен қатар, мұндай зерттеулер мал дәрігері-хирург немесе анестезиологпен оперативті араласу жүргізу алдында ұсынылуы мүмкін.

 

 

Кеуде қуысының  рентгенографиясы жүрек және тыныс алу ауруларын диагностикалауда өлшеусіз көмек беруі мүмкін. Ол жүректің және оның бөліктерінің ұлғаюының дәрежесін, өкпелік қанайналым және ірі қан тамырларының және бронхылардың, өкпе және өкпеқап жалқаяғын бағалауға мүмкіндік береді.   Осылайша, бұл әдіс дәрігерге жүрек жетіспеушілігіне тән сипаттарды, ісінудің және өкпеқап жалқаяғын анықтауға мүмкіндік береді. Алғашқы дифференциалды диагностиканы жүргізу жүрек немесе тыныс алу жүйесімен ісіміз бар ма екенін анықтауға мүмкіндік береді. Белгілері бойынша жүрек ауруларына ұқсас ауруларды (пневмония, астма, плеврит, өскіндер, өңештегі бөтен дене) алып тастау үшін өте бағалы. Рентгенографиялық диагностика жөтел, тыныс алу жетіспеушілігі, анықталмаған кардиореспираторлы ұстама белгілерімен ауруларды зерттеуде жиі пайдаланылады.

 

Электрокардиография тексеру практикасында маңызды орын алады. Ол жүректі зерттеудің басқа әдістерін ауыстыра алмайды, дегенмен, кардиологиялық зерттеулердің маңызды бөлігі болады. Миокард бұзылыстары және жүрек аритмияларын тек ЭКГ көмегімен ғана нақты және анық белгілеуге болады. Жанама түрде жүрек бөліктері және метоболизм бұзылыстарын бағалауға болады. Дегенмен, осы диагностикалық әдістің көмегімен миокардтың жиырылғыш қызметі туралы толық ақпарат алу мүмкін емес.

 

Эхокардиография (жүректің УДЗ) – бұл жүрек және қан тамырларының ауруларын диагностикалаудың ақпаратты әдістерінің бірі. Кешенді түрде ЭКГ жүргізу ұсынылады. Клапан аппаратының өзгерістерінің дәрежесін көру және сандық бағалау, жүрек және қарынша миокардының қалыңдығын анықтау, миокард бұзылыстарының диагностикасы, оң және сол қарыншалардың систоликалық және диастоликалық қызметтерін сандық бағалау, перикард ауруларын диагностикалау және жүрекішілік өскіндердің болуын анықтау.

Осылайша, дәрігерге  патологиясы және оның көріну дәрежесіне байланысты дұрыс диагноз қою және ем тағайындау үшін зерттеудің түрлі әдістеріне жүгінуге тура келетінін түсіну керек.