Тамақтану жануардың өмір салтында маңызды рөл алады және оның денсаулық жағдайын анықтайды, оның энергетикалық қажеттіліктерін, иммундық деңгейін жәнет т.б. қамтамасыз етеді.

Мал дәрігерлігіндегі диетология жануар ағзасының зат алмасу процесстерін қалпына келтіруге және сауықтыруға, аурудан кейін тезірек қалыптасуға, сол сияқты салмағын реттеуге бағытталған. Мал дәрігері Сіздің жануарыңызға азықтық сезімталдықты диагностикалауда азықтың белгілі бір құрамын шектеуді талап ететін ауруы бар болған кезде диета тағайындайды немесе қалыптастыру үшін жоғары калориялы диетаны қолданады.

Жануарды тамақтандыру оның түрі, жасы және оның тұқымына сай жүзеге асырылу керек. Бұл критерийлерге дайын өндірістік азықтар, сол сияқты үй жағдайында әзірленген табиғи азықтармен тамақтандыру бойынша ұсыныстар бар.

Біздің клиника жүйемізде сіздің асырандыңыздың қажеттіліктеріне байланысты тағам мөлшерін таңдап беретін, ал ауырған кезде өндірістік дайын азықтардан мал дәрігерлік диетаны тағайындайтын немесе Сіздің асырандыңыз табиғи азықтармен тамақтанса, дәрумендік-минералдық қоспалардың көмегімен рационды теңдестіретін мал дәрігерлері жұмыс жасайды.

Егер жануар өзбетті тамақтана алмайтын жағдайда, біздің клиникалар жүйесі осындай ауыр жағдайдағы пациенттерге арналған зонд арқылы парентеральды тамақтануды ұсынады. Бізде сатылымда дайын өндірістік азықтың әр түрлері бар. Біздің мал дәрігерлік дәріханалардың әкімшілері диеталық және толықрационды азықтар туралы түсініктері бар және жануарыңызға диета немесе жай ғана әдеттегі толық рационды азық керек болған жағдайда тамақтану рационын таңдап бере алады.

Сіздерді қызықтыратын сұрақтардың барлығын біздің клиниканың телефондары бойынша өзіңізге ыңғайлы уақытта сұрастыра аласыздар.