Ауырып қалған жануарды емдеу (терапия) келесі әрекеттерден тұрады:

    • диагноз қою;
    • себебін анықтау;
    • оны жою үшін кешенді тәсілдеме;
    • ағзаның жоғалтқан және бұзылған  қызметтерін тез және сапалы орындау;
    • аурудың ары қарайғы дамуын тоқтату;
    • алдын-алу шаралары.

Біздің клиникада жануардың ішкі органдарының жағдайын жылдам анықтауға мүмкіндік беретін рентген және ультрадыбыстық зерттеулер кеңінен пайдаланылады.

Зертханалық зерттеулер арасында  ішкі органдардың жағдайын сипаттайтын жалпы клиникалық қан талдауын, қан, зәр, үлкен дәрет биохимиясын жиі пайдаланады.

Сол сияқты жануарларға зақым келтіретін эндо-және эктопаразиттерді, барынша тараған вирустар және бактерияларды анықтауға арналған зерттеулер қол жетімді. Жоғарыда аталынғандардың барлығы дұрыс диагноз қоюға және жануардың тезірек сауығып кетуіне бағытталған емдеу шараларын бастауға әсер етеді. Сонымен қатар дәрігер ауру себептерін, оның ағзаға патологиялық әрекетін жоюға және  жетіспейтін компоненттерді (мысалы, ағзаға гормондарды, дәрумендерді, макро- және микроэлементтерді, изотониялық ерітіндіні енгізу және т.б.) толтыруға негізгі белгілерін арналған фармокологиялық құралдар (дәрілер) және терапия әдістерінің барлық қол жетімді спектрін пайдаланады.

Ол үшін жүзеге асырылады:

  • Peros дәрілік заттарын беру;
  • Теріс астына, бұлшықет ішілік, венаға,  субконъюнктивальды инъекциялар;
  • Лапароцентез, торакоцентез;
  • Цистоцентез;
  • Гипериммунды сарысуларды және басқа биогенді препараттарды енгізу;
  • Тері астылық инфузия;
  • Венаның инфузиялық терапиясы;
  • Қуық катетеризациясы;
  • Асқазанды зондтау;
  • Терең клизма қою;
  • Диетотерапия және көптеген басқа нәрселер.