Қазіргі уақытта эндоскопиялық әдістер диагностика үшін де, түрлі ауруларды емдеу үшін де қолданылады. Заманауи эндоскопия көптеген аурулардың ерте кезеңде тануда ерекше рөл атқарады. Эндоскопиялық аппаратура дамуындағы және микроскоптық құралдарды жасаудағы прогресс оперативті техниканың –эндоскопиялық хирургияның жаңа түрінің пайда болуына әкелді.

Эндоскопиялық хирургия бүгінде өт қабының  ауруларында, лимфотүйін дерді, ісіктерді алуда, стерильдеуде және т.б. кең қуыстық операцияларға жеткізбеуге мүмкіндік береді. Қазірде бұл  операциядан кейінгі кезеңде асқынудың аз пайызын беретін барынша аялауыш, жарақатты аз болдыратын, қансыз хирургия. Мүмкін, эндоскопиялық хирургия жақын болашақта негізгі хирургиялық принциптердің бірі болады.